«Бiздiң қорға кiретiн компаниялар жергiлiктi жерлерде, барлық қалаларда кездесу өткiзiп жатыр. Оларды марапаттап, құрметтеуде. Бiз бүгiн Ардагерлер ұйымының басшылығымен кездесу өткiзiп, биыл және алдағы жылдары атқарылатын нақты шараларды белгiледiк. Айта кетсек, ардагерлер кеңесiмен бiрлесе, бүкiл ардагерлердiң жалпы жағдайын анықтау үшiн талдау жұмыстары жасалады. Сонымен бiрге Ардагерлер кеңесiнiң ұсынысымен әрбiр ардагердiң үйiнде «дабыл түймесiн» орнату көзделiп отыр», - деп атап өттi ол.
Оның айтуынша, аталмыш «дабыл түймесi» қауырт жағдайда жедел медициналық қызметтi немесе әлеуметтiк қызмет өкiлдерiн шақырту үшiн қолданылатын болады. Қазiргi уақытта қажеттi қаражатты бөлу мәселесi қаралуда.
Бүгiн «Самұрық-Қазына» АҚ орталық кеңесiнде осыған орай, Басқарма төрағасы Өмiрзақ Шөкеевтiң қатысуымен Қор басшылығының «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бiрлестiгiнiң белсендiлерiмен кездесуi өттi. Iс-шараға Қазақстан вице-премьерi Гүлшара Әбдiхалықова қатысты.