Ардақ Дулатұлы Смайылов 1969 жылы Алматы қаласында туған. «Агрономия», «қаржы және кредит», «заңтану» мамандықтары бойынша үш жоғары білімі бар.
1994 жылғы тамыздан бері кеден органдарында жауапты қызметтер атқарды.
2015 - 2017 жылдары Алматы облысы әкімінің аппаратында талдау бөлім меңгерушісі, 2020 жылғы қазанға дейін Алматы облысы әкімінің кеңесшісі болып істеді.
2020 - 2022 жылдары - Бурабай ауданы әкімі аппаратының басшысы. 2022 жылғы қыркүйектен бері Бұланды ауданы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды.
Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысының Полиция департаментінде бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болғанын жазған едік.