Салық кезеңі үшін Салық кодексінде белгіленген табыс ету мерзімінен кейін бір жыл өткен соң табыс етілетін мына декларацияларды тапсырмаған жағдайда әрекетсіз салық төлеуші болып танылады, оның ішінде:
1) заңды тұлғалар үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларация, дара кәсіпкерлер үшін жеке табыс салығы бойынша декларация;
2) заңды тұлғалар да, дара кәсiпкерлер де ойын бизнесiне салық, тiркелген салық бойынша декларацияны көрсетiлген салық кезеңiнен кейiнгi үш салық кезеңi үшiн ұсынбаған жағдайда;
3) заңды тұлғалар да, дара кәсіпкерлер де екі салық кезеңі үшін оңайлатылған декларацияны ұсынбаған жағдайда.
Салық төлеуші өзінің әрекетсіз салық төлеуші тізімінде бар-жоғын kgd.gov.kz сайтында, «Электрондық қызметтер» мәзірінен «Сенімсіз салық төлеушілерді іздеу» бөлімінде тексере алады.
Егер салық төлеуші осы тізімде болса, онда мына талаптарды орындау қажет:
1) салық есептілігін табыс ету және есептелген салықтарды төлеу бойынша салық міндеттемелерін орындау;
2) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 272-бабына сәйкес әкімшілік материалды рәсімдеу үшін орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына келу.
Сенімсіз салық төлеушілер тізімінен алып тастаудың жалпы мерзімі - 5 жұмыс күні.
Тізімнен шығарылғанын 5 күннен кейін «Сенімсіз төлеушілерді іздеу» бөлімінде сайттан тексеруге болады.
Әрекетсіз салық төлеушілер тізіміндегілердің мынадай салдары бар:
- ҚҚС бойынша есептен шығару;
- серіктестік қызметіндегі контрагенттердің күмәндануы;
- банктерде шот ашу және несие алу мүмкіндігінің болмауы.
2022 жылы әрекетсіз деп танылғандар барлық салық төлеушілердің саны 11 180 құрайды.