Жол апаты Буэнос-Айрестің орталық бөлігінде Барракас ауданында болды. Жол қиылыстарының бірінде соқтығысқаннан кейін автобустар жолдың екі жағында орналасқан ғимараттарға қарай аударылып кеткен. Апатқа не себеп болғаны әзірге белгісіз, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
09:33, 29 Қыркүйек 2014
Аргентина астанасында екі автобус соқтығысып, 20-дан астам адам жапа шекті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аргентинаның астанасында екі автобустың соғылуынан 23 адам зардап шекті, оның ішінде үш бала бар. Жарақаттанғандар медициналық мекемелерге жеткізілді. Олардың қазіргі жағдайларына айтарлықтай қауіп туып отырған жоқ.