Бұл тыйым милонга - танго биі кештеріне салынбаған. Сондай-ақ, мәдениет орталықтарындағы би кештеріне шектеу жоқ.
Тыйым қала әкімдігі түнгі клубтарда заңсыз есірткі сату мәселесін шешпейінше күшінде болмақ. Сот қаулысы электронды музыка қойылатын клубтарға қатысты екендігін атап өткен жөн. Алайда билік дәл осы санатқа қай қлубтар жататындығын анықтауы тиіс. Оған дейін барлық клубтар жабылатын болады.
Бұндай сот қаулысының шығуына музыкалық фестивальде есірткі қабылдап 5 адамның қайтыс болуы себеп болып отыр. Тағы 5 адам сол жолы ауруханаға түсіп аман қалған болатын.