Аргентина футболшыларына ресейліктер матч үшін 1 млн доллар төлейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Аргентина құрамасы ресейліктермен спарринг-матчқа келгені үшін қомақты қаржы алады. Ресей футбол одағы (РФО) бір миллион доллар төлеуге дайын.

Айта кетейік, әлемнің үздік футболшысы наградасының бес мәрте иегері - «Барселона» шабуылшысы аргентиналық Лионель Месси де қатысатынын растады.

«Әдетте, Аргентина ойын үшін 2 млн доллар сұрайды. Алайда Ресей үшін бұл баға төмен болды, себебі барлық ұлттық құрама командалар әлем чемпионаты өтіп жатқан елде жаттығуға құлшыныс танытады. Бұл мәселенің экономикалық жағы екінші орында тұр», - деп келтіреді ФИФА агенті Гильермо Тофонидің сөзін РБК.

Ресей мен Аргентина матчы 11 қарашада "Лужники"  стадионында өтеді.