Гаррахан балалар ауруханасы ұлттық құраманың ойыншыларынан $135 мың алады. Бұл қаражат жаңа корпустың құрылысына бағытталмақ. Айта кетейік, Аргентина құрамасы 2014 жылғы футболдан әлем чемпионатының финалында Германиядан ұтылып (1:0 қосымша уақытта) 2-орынға ие болды.
09:17, 18 Шілде 2014
Аргентина құрамасының ойыншылары қайырымдылық жасады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аргентина құрамасының ойыншылары 2014 жылғы әлем чемпионатынан алған сыйақының бір бөлігін онкологиялық орталыққа аударды, деп хабарлады El Dia.