Аргентина Палестинаны 1967 жылғы шекарасы бойынша тәуелсіз мемлекет деп таныды

АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - Аргентина Палестинаны 1967 жылғы шекарасы бойынша «еркін және тәуелсіз» мемлекет» деп таныды, деп хабарлады РБК агенттігі.

Бұл туралы латынамерикандық елдің көшбасшысы Кристина Фернандес де Киршнер Палестина ұлттық әкімшілігінің басшысы Махмұд Аббасқа хат жолдады.

Аргентина өкімет орындары Буэнос-Айрестің Палестина автономиясын тануын басқа да латынамерикандық ммемлекеттер қолдағанын атап өтуде. 2010 жылғы 3 желтоқсанда Бразилия да осындай шешім қабылдаған болатын.

1967 жылғы соғыс барысында Шығыс Иерусалим Израильге қосылған болатын. Автономия басшылығы болашақ тәуелсіз Палестинаның аумағы Израиль жаулап алғанға дейінгі 1967 жылғы шекара бойынша бекітілуі, Шығыс Иерусалим палестиналық астана болуы тиіс деп санайды.

Еске сала кетейік, Палестина мемлекеті 1988 жылғы 15 қарашада жарияланды. Палестинаны толық немесе ішінара мемлекет деп ресми түрде 100-ден астам ел танып отыр. АҚШ, Ұлыбритания, Жапония және Еуропалық одақ елдерінің көптеген бөлігі оның мемлекеттігін мойындамайды