Аргентина басшысы госпитальдардың бірінде ем қабылдауда. Оның орнына делегацияны Экономика министрі Аксель Кисильоф басқармақ, деп хабарлады РИА Новости.
Дәрігерлер Киршнердің денсаулық жағдайын «қалыпты» деп отыр. Ол антибиотиктермен емделуде. Ауруханадан шыққан соң кем дегенде он күн демалуы тиіс.
Дене қызуы күрт көтеріліп кеткен Кристина Фернандес де Киршнер астаналық ауруханаға жексенбі, 2 қарашада жеткізілді. Оған «ішектің қабынуы» (сигмоидит) диагнозы қойылды.