Аргентина президентінің іссапар қаражаты ұрланды

None
АСТАНА. 14 қаңтар. ҚазАқпарат - Аргентинада ұрылар Буэнос-Айрес көшесінде президент әкімшілігінің қызметкерін тонап кетті, деп хабарлайды Би-Би-Си.

Олар мемлекет басшысы бастаған делегацияның Таяу Шығысқа сапары жол шығындарына арналған кем дегенде 68 мың доллардан астам қаржысын ұрлап кетті.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, қызметкерді мотоцикл мінген үш белгісіз адам тонаған.