Аргентина жағалауында магнитудасы 7,1 болатын жер сілкінісі тіркелді

Фото: Фото: freepik.com

БУЭНОС-АЙРЕС. KAZINFORM — Аргентина жағалауында магнитудасы 7,1 болатын жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы хабарлады, деп жазды ТАСС агенттігі.

Орталықтың мәліметінше, зілзаланың эпицентрі шамамен 58 мың халқы бар Ушуая қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 285 шақырым және шамамен 117 мың адам тұратын Чилидің Пуэнта-Аренас қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 511 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің ошағы 10 шақырым тереңдікте болды.

Цунамидің қаупі жарияланды.

Айта кетейік, халықаралық жер сілкінісі құрбандарын еске алу күні белгіленді.