АСТАНА. ҚазАқпарат - Аргентинаның ӘТК-інің «Сан-Хуан» әскери сүңгуір қайығы оңтүстік Америка жағалауларына келгенде байланысқа шығуды тоқтатқан, деп хабарлады жұма күні әскери-теңіз ведомствосы.
Сүңгуір қайық бортында экипаждың 44 мүшесі болған.
«ӘТК Ушуайиден Мар-дель-Платуге өтер кезде жоғалып кеткен «Сан-Хуан» қайығымен байланысты қалпына келтіру үшін әрекет жасап жатыр. ӘТК-інің ұшақтары мен кемелері қайықтың болған жері соңғы рет тіркелген жерде тұр», - делінген Аргентина ӘТК Твиттердегі хабарламасында.
Жоғалған қайық Германияда құрастырылып, Аргентина ӘТК құрамына 1985 жылы енгізіген.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.