Аргентинада 7 динозаврдың сүйегі табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аргентинаның Чубут провинциясынан «Динозаврлар мазары» табылды. Ғалымдар тасқа айналған 7 динозаврдың 200-ден астам сүйегін тапты, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.

Олар Трелью қаласынан шығысқа қарай 260 шақырым жердегі фермадан табылған. Ежелгі жануарлар өлімі жақындағанда сол жерге әдейі барған деген болжам айтылуда. Бұған дейін табылған әлемдегі ең ірі жануар да дәл сол жерде жатқан болатын. Ғалымдардың мәліметінше, оның денесінің ұзындығы - 40 метр, ал бойы - 20 метр.