Аргентинада автобус аударылып, бес адам ажал құшты, 50-і жараланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аргентинада Энтре-Риос провинциясында автобус аударылып кетті. Салдарынан бес адам қаза тапты, оның ішінде 3 бала бар, 50-ге жуығы жарақаттанды.

Буэнос-Айреске бара жатқан көлікте 66 жолаушы болған. Алдын ала болжамға қарағанда, жүргізуші бұрылыста рульге ие бола алмай қалған. Автобус қоршауға соғылып, аударылды.

Зардап шеккен жолаушылар Консепсьон-дель-Уругвай қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта полиция оқыс оқиғаның себеп-салдарын тексеруде.