Аргентинада «доңыз тұмауынан» 300-ден астам адам қайтыс болды

АСТАНА. Тамыздың 6-сы. ҚазАқпарат - Аргентинада A (H1N1) тұмауынан 337 адам қайтыс болды. Ел өкіметінің хабарлауынша, бұл тұмау құрбандары туралы бұған дейінгі хабардан екі есеге көп,

деп хабарлайды   ҚазАқпарат  Utro.ru сайтына  сілтеме  жасап.

Аргентина -     жаңа  вирус  құрбандарының саны бойынша, тұмаудан  400  адам   қайтыс болған  АҚШ-тан кейінгі екінші  орында.   Дүниежүзілік  денсаулық сақтау   ұйымының мәліметтері  бойынша,   әлемде   жаңа тұмаудың салдарынан  1150  кісі өлімі тіркеліп отыр.