Росбалт хабарлағандай, оқиға елдің шығысындағы Санта-Фе провинциясының Бернардо-де-Иригойен қаласында орын алды, жергілікті тұрғындар саны 1,8 мың адамды құрайды. Алдымен олар полицей учаскесіне шабуылдап, олардың қаруларын тартып алған, кейіннен ақша бар деген жерлерді тонаған. Тіпті жергілікті судьяның әмиянын да тартып алған.
Судьяның мәлімдеуінше, қылмыскерлер 1 миллион песо (65 мың доллар) зейнетақы қаржысын алуды көздеген. Алайда бандылардың жолы болмады, себебі жүк тасушылар ақшаны поштаға апарып үлгермеген. Олардың олжасы небары 250 мың песо (16 мың долларға жуық) болды.
Полиция ұрыларды ұстау шарасын ұйымдастырды. Бір қылмыскер өлтірілді. Үшеуі ақшаны алып, бой тасалап үлгерді. Оларды іздестіру жалғасуда.