Аргентинада күн ысып кетті
14:20, 22 Желтоқсан 2011
АСТАНА. 22 желтоқсан. ҚазАқпарат - Оңтүстік жартышарда жаздың басталуымен Аргентинаның орталық және солтүстік бөлігінде бұрын-соңды болмаған аптап ыстық басталды.
Елде желдеткіштерді, ауа баптағыштарды және тоңазытқыштарды пайдаланудың көбеюінен электр энергиясын тұтыну шұғыл артып кетті. Сәрсенбі күні 15:00-де (мәскеу уақытымен 22:00) Сантьяго-дель-Эстеро, Тукуман, Чако, Формоса, Катамарка қалаларында күннің ыстығы +44 градусқа жетті. Буэнос-Айресте - +36 градус шамасында.
Аргентина астанасының көшелері түсте жым-жырт, адамдар үйден шықпауға тырысады. Дәрігерлер халыққа спирттік ішімдіктерге әуес болмауға, салқындау жерде болуға кеңес беруде.