Бұл туралы Аргентинаның Төтенше жағдайлар жөніндегі федералдық агенттігі мен аймақ үкіметі мәлімдеген.
— Бүгін таңертең Төтенше жағдайлар жөніндегі федералдық агенттік жалға алған Bell 412 тікұшағы Сан-Хуан провинциясындағы Исчигуаласто саябағы маңында апатқа ұшырады, — делінген ведомство хабарламасында.
Агенттік мәліметінше, тікұшақ орман өртін сөндіруге көмектесу үшін Ла-Риоха провинциясына бағыт алған. Апат болған жерді басқа әуе кемесі анықтаған.
Қайғылы оқиғаның себептері анықталып жатыр.
Айта кетейік, Түркияның Анталия және Мугла провинцияларының бірнеше ауданында орман өрті сөндіріліп жатыр. Өртті ауыздықтауға ұшақтар мен жүздеген адам жұмылдырылды.