деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.
«Вести» телеарнасының хабарлауынша, жұмыс берушілерге мерзімнен артық жұмыс үшін ақы төлемеуге рұқсат берілген жаңа заңның күшін тоқтатуды талап етіп, жүздеген жұмысшылар Кордова көшелеріне шыққан. Кенеттен демонстранттардың арасында өз наразылықтарын полиция қызметкерлеріне көрсеткісі келгендер табылған. Нәтижесінде, полиция қару қолданған.
Жергілікті билік зардап шеккендердің нақты саны туралы хабарламай отыр. Тек, тәртіпсіздік барысында 11 белсендінің ұсталғаны ғана мәлім.