Лимонның дәмі бар балмұздақты аргентиналықтар «Франциск» деп атады. Олар осылайша өздерінің атақты отандастарына деген құрметін білдіргісі келді. Рим папасы балмұздақтың алғашқы дәмін татушылардың бірі болды. Бірнеше келі жаңа балмұздақты оған итальяндық курорттық қала - Риминиде өтетін балмұздақ өндірушілердің халықаралық конкурсына қатысуға келген аргентиналық делегация тапсырды. Франциск өзінің отандастарымен ерекше ықыласпен әңгімелесіп қана қойған жоқ, сонымен бірге батасын беріп, беделді конкурста жеңіп шығуларын тіледі.
22:07, 19 Қаңтар 2014
Аргентинада Рим папасы Францисконың құрметіне балмұздақтың жаңа сұрпын ойлап тапты
АСТАНА. 19 қаңтар. ҚазАқпарат - Аргентиналық өндірушілер балмұздақтың жаңа сұрпын ойлап тапты.