Концерт сенбіден дүйсенбіге қараған түні өтті. Соңғы әндердің бірінде көрермендер сахнаға қарай ентелеген. Салдарынан адам өлімі орын алды.
Рок-концерт ұйымдастырушыларының айтуынша, концертке 250 мыңнан астам адам келген.
Жергілікті билік өкілдерінің мәлімдеуінше, көрермендер санының көптігінен концерттегі жағдай бақылаудан шығып кеткен.
Концерттен кейін де келушілердің көпшілігі таңға дейін алаңда қалуға мәжбүр болды, себебі жергілікті автобустар халықты тасып үлгермеді.
Олаваррияда 100 мыңға жуық тұрғын бар, бұл концертке келушілердің санынан екі еседен астам аз.