Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.
Құтқару қызметтерінің деректеріне сүйнесек, толастамай жауған жаңбыр салдарынан бір адам қаза тауып, бір адам хабар-ошарсыз кеткен, деп атап өтті La Segunda порталы.
Кордоба, Санта-Фе, Сан-Луис және Сантьяго-дель-Эстеро провинцияларына көп зақым келді. Таяуда Сальта, Чако мен Коррьентес провинциялары зардап шегуі мүмкін. Сантьяго-дель-Эстеро провинциясында Рио-Дульсе өзенінің тасуы салдарынан кем дегенде 3,5 мың адамның мүлкі зақымданды.
Greenpeace экологиялық ұйымы оңтүстікамерикалық елдің орталық бөлігінде орын алған су тасқыны орманның біраз бөлігін жойғанын мәлімдеді.