деп хабарлайды Утро.ru.
Авиатасымалдаушы компания ресми өкілінің айтуынша, Неукеннен Комодоро-Ривадавияға бет алған 40 орындық ұшақ Аргентинаның астанасы Буэнос-Айрестің оңтүстік-батысына қарай 1850 шақырым жерде апатқа ұшыраған.
Ақпарат көзінің нақтылауынша, ол мұнайгаз компаниясы қызметкерлеріне арналған чартерлік сапар болатын. Ұшақ бортында 19 жолаушы, оның ішінде кәмелетке толмаған бір бала, сондай-ақ құрамында екі ұшқышы мен бір стюардессасы бар экипаж болған.
Ұшақ Неукеннен жергілікті уақыт бойынша 20:08-де (Астана уақыты бойынша 01:08) ұшады. 20:50-де ұшқыш жермен байланысып, диспетчерге мотордың ақауы жөнінде хабарлаған. Одан кейін экипаж байланысқа шыққан жоқ. Куәгерлердің айтуынша, 22:35-те ұшақ Прауанийеу елді мекені маңына құлап, сол жерде жарылып кеткен.