«Aerolineas Argentinas Трельюге бара жатқан AR1865 рейсінде жайсыз оқиға болғандығын хабарлайды, ұшақ қонатын кезде дронға соқтығысты»,-делінен авиакомпанияның хабарында.
Оқиғаның салдарынан борттағы адамдардың ешқайсысы да зардап шеккен жоқ.
Компания өкілдері ұшақты толықтай тексеруден өткенше пайдалануға шектеу қойылғандығын атап өтті. Қазіргі таңда билік өкілдері әуежайлардың маңында пайдалануға тыйым салу ережесін бұзған дронның иесін іздестіруде.