Аргентинада жеңіл моторлы ұшақ құлап, бір адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аргентиналық Кордова провинциясы Хенерал Кабрера қаласының маңында шағын ұшақ құлап, бір адам қаза тапты. Полиция комиссары Уолтер Уертаның хабарлауынша, тағы бір адам зардап шекті.

Ұшақ бортында Уругвай және аргентиналық екі адам болған.
Куәгерлердің сөзіне қарағанда, ұшқыш әуеде жаттығу орындап жатқанда ұшақ кенеттен құлады, деп жазды ТАСС. Жапа шегушінің екеуі де ауруханаға жеткізілді. Онда біреуі ауыр жарақатынан қаза тапты.
Мамандар болған оқиғаның мән-жайын анықтауды қолға алды.