АСТАНА. 19 мамыр. ҚазАқпарат - Аргентиналық Лукас Матисс 63,5 келіге дейінгі салмақ санатында Бүкіләлемдік бокс кеңесінің нұсқасы бойынша «уақытша» әлем чемпионы атағын қорғап қалды.
Ол Халықаралық бокс федерациясы нұсқасы бойынша белдік иесі американдық Лэмон Питерсонды үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.
Питерсон үш мәрте, нақты айтқанда екінші раундта бір рет, ал үшінші раундта екі рет нокдаунға түскен еді. Осыдан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатуға шешім қабылдады.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.