Аргентиналық регбиші қарсыласын басынан тепкені үшін 99 жылға ойыннан шеттетілді - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аргентиналық «Пукара» регбий клубы өзінің ойыншысы Сиприано Мартинесті 99 жылға ойыннан шеттету туралы шешім қабылдады, деп жазады eurosport.ru.

Бұған Аргентина аймақтық лигасында спортшының «Сан Албано» клубының регбишісі  Хуана Масиді басынан тебуі себеп болған. Спортшы осылайша ереже бұзғаннан кейін қызыл  карточка алып, алаңнан қуылды.

«Пукара» клубы өзінің ресми сайтында Мартинестің бұл қылығын сынға алып, оны 99 жылға ойыннан шеттеткенін жариялады.