Аргентиналық шаруалар 30 тонна бананды тегін таратты
01:31, 04 Тамыз 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аргентиналық шаруалар ереуілдің ерекше түрін ұйымдастырды, деп жазады regnum.ru
Эквадорлық бананның елге импортталуына қарсы шаруалар ел астанасы Буэнос-Айрестің орталық алаңында, 30 тонна бананды тегін таратты. Олар осылай өздерінің қарсылықтарын білдірмек болған.
Оған қоса әрбір алушыға өздерінің қиын ахуалы жайлы жазылған парақшалар таратты. Диқандар федерациясы басшылығының айтуынша, елге импортталатын 450 мың тонна өнім шаруалардың кәсібіне кері әсер етеді. Өйткені осыдан кейін жергілікті фермерлердің жемісі өтпей қалады.