Аргентинаның солтүстігінде жол апатынан 41 адам көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аргентинаның солтүстігінде жандарм автобусының құлауы салдарынан кем дегенде 41 адам қаза тапты. TN Argentina телеарнасының ақпаратынша, тағы 10 адам жарақаттанды.

ТАСС хабарлағандай, апат Аргентинаның солтүстігіндегі Сальта провинциясында орын алды. Автобус өзеннің құрғақ сағасының 15 метріне құлады. Жол-көлік апатының себептері анықталып жатыр.

Жергілікті төтенше жағдайлар жөніндегі ведомство басшысы Эрнесто Флорес хабарлағандай, автомобильде 50-60 жандармерия қызметкері болған.