Алайда, Пинежский ауданының әкімшілігі мәлімдегендей, қызыл қар қылқан жапырақты ағаштардың бүршігі салдарынан орын алуы ықтимал.
Мамандар қызыл қардың сынамасын М.В. Ломоносов атындағы Солтүстік (Арктикалық) федералды университетіне сараптама жасауға жібереді, деп хабарлайды News29.ru.
Бұл өңірдегі қардың түсі бірінші рет өзгеріске ұшырап тұрған жоқ. 2008 жылы наурыз айында Архангельск облысының бес ауданында сары қар жауған болатын. Ол кездегі қардың түсі Волгоград және Калмыкия далалы аудандарынан келген жылы ауа ағымына байланысты өзгеріске ұшыраған. Жылы ауа массасымен бірге - шаң мен топырақ ілесіп келген көрінеді.