Әріптесінің айтқанына қосыла отырып Берел жобасының жетекшісі профессор Зейнолла Самашев қорғанды қорғайтын конструкция қазба жұмыстарына кедергі жасамай бірге жүргізілгенін айтып өтті. Ол осындай қорғаныс саркофагі Еуразияда алғашқы болып ашық аспан астындағы ұлттық мұражай құруға себепші болғанын атап өтті.
Жалпы отырыста ғалымдар археологияның, ШҚО-да табылған сирек мәдени мұраларды сақтау және музейге айналдыру мәселелерін кеңінен талқылады.
Өңір басшысы Даниал Ахметов конференция барысында Шығыс Қазақстан облысында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында зерттелген нысандарды ЮНЕСКО дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізу үшін теориялық негіз дайындап қана қоймай, облыстың мәдени брендін қалыптастыруға, туристік әлеуетін ілгерілетуге мүмкіншілік беретінін атап өтті. Ол облыста жүргізілген қазба кезінде табылған жәдігерлерлің барлығы өңірде қалдырылып, тарихи-өлкелік мұражай қорына берілетіндігін жеткізді.