Бұл туралы ТАСС қорық мұражайының меңгерушісі Мария Макуроваға сілтеме жасап хабарлады.
"Қорымдардың бірінде археологтар қабір шұңқырын тазалады. Одан жерленген адамның мәйіті табылды. Бас сүйегінің пішіні созылыңқы. Бұл шамамен 1800-2000 мың жыл бұрын өмір сүрген әйелдің мәйіті болуы мүмкін", - деді мұражай меңгерушісі.
Оның сөзіне қарағанда, алдағы уақытта антропологтар мәйіттің жынысы мен жасын анықтау үшін зерттейтін болады.
"Қорымда темір пышақ, ұсақ моншақ пен керамикалық құмыраның бөлшектері табылды", - деп қосты Макурова.