Археологтар Францияда кельт ханзадасының мазарын тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияның солтүстік шығысындағы Шампаниде археологтар кельт ханзадасының мазарын тапты. Өткен жылы басталған қазба жұмыстары биыл, наурыздың соңында аяқталады деп күтілуде.

Болжам бойынша зират осыдан 2,5 мың жыл бұрынғы, деп жазды Lenta.ru. Обаның көлденеңі 40 метрге жетеді, ал оның орталығындағы жерлеу бөлмесінің аумағы шамамен 14 шаршы метр.

Зираттан диаметрі шамамен бір метрді құрайтын үлкен қола қазан табылды. Оның төрт құлағы бар. Онда гректің өзен құдайы Ахелой суреті бейнеленген. Арыстан басының суреті қазанның жан-жағына салынған. Қазанның ішінен археологтар шарапқа арналған керамикалық тостағанды тапты. Онда шарап құдайы Дионистің суреті бейнеленген.