«Ол Мысырдың қазіргі астанасынан оңтүстікке қарай 20 шақырым жерде, мысырлық державаның көне орталығы Мемфис қаласының маңындағы Әбусир патшалық қорымының қасындағы пирамидалар алқабындағы қазба жұмыстары кезінде табылған», - деп хабарлады тілшілерге Чехиядағы египтология институтының директоры Мирослав Барта.
«Ұзындығы 18 метрден астам кеменің ағаш құрылыстары шөл құмының арқасында жақсы сақталған. Кеменің жасы 4500 жылдан кем емес. Бұл, шынымен де, сенсациялық жаңалық, ол Көне патшалық кезеңіне жатқызылады», - деп атап өтті ол.