Археологтар Қарағанды облысынан табылған ежелгі қаланы зерттеп жатыр

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының Шет ауданында археологтар ежелгі қаланың орнын тапты. Ауқымды ғылыми зерттеулер Ақкезең қонысы орналасқан аумақта жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақкезен — Қазақстанаумағындағы қола дәуірінің ең ірі қоныстарының бірі. Бұл жерде 80 тастанқаланған ғимараттар мен тұрғын үй қалдықтары түріндегі үйінділер табылған.Қоныстың ауданы 10 гектарды құрайды. Ақкезеңнің көлемі және оның кейбірқұрылыстарының ерекшеліктері осы археология ескерткішінің протоурбанистіксипаты туралы гипотезаны ұсынуға мүмкіндік берді.

Ақкезең қорымынзерттеу барысында 306 шаршы метр аумақта қазба жұмыстары жүргізілді.Нәтижесінде көлемі 13*12 м ауқымды құрылыс зерттелді. Бұл құрылыстың іргетасысалмағы жарты тоннаға дейін жететін тас плиталармен жабылған. Мамандар бұлғимарат қоғамдық орын болғанына сенімді. Ол жергілікті тұрғындардың жиналатын,діни рәсімдер өткізетін жері болған. Дәл осындай қоғамдық құрылыс нысандарықалаларды ауылдық мекендерден ерекшелеген.


«Бұл орынмекендеу үшін қолайлы болған. Сондықтан дәл осы жерде адамдар өз қоныстарынсалды. Ол басқа үлкен аумақтан және көптеген құрылыстардан ерекшеленеді», -дейді қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан «Археологиялық зерттеулер» ЖШС Басдиректоры Ерлан Әміров.

АрхеологтарБеғазы-Дәндібай мәдениетіне жататын және Бада қорымында орналасқан кесененізерттеді.

Кесенелер -қоғамның атақты мүшелерінің қабірінің басына тұрғызылған монументті жерлеуқұрылыстары. Кейінгі қола ғасырда қоғамның жоғары өкілдері өздерінің мәртебесінсән-салтанатты түрде жерлеу рәсімі арқылы ерекшелеген.


«Қазылған кесенекөлемі 8,5*8,5 м болатын. Қазба жұмыстары барысында бізге тұтас квестті шешугетура келді. Тастардың астында біз кесененің «қоныстанудың» жүйелі 3 кезеңінанықтадық. Кейінгі қола дәуірінде Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ережелерінесәйкес келетін дәлме-дәл жерлеу рәсімдері өткізілген. Бірнеше ғасырдан кейінкесененің солтүстік-шығыс бөлігінде ежелгі көшпенділер жерленген қорғансалынған. Оның құрылысына кесененің сыртқы қабырғасының іргетасы болғантастарды пайдаланған. Тағы бір мың жыл өткеннен кейін Орталық жерлеу қираған.Оның орнында ортағасырлық жерлеу жасалды. Соңғы жерлеу орны оңтүстік-батысқақарай (Мекке жағына) жолдама құрал-саймандарсыз салынған, бұл мұсылмандықжерлеу ережелеріне сәйкес келеді», - деді Ерлан Әміров.


Ақкезен қонысы —Орталық Қазақстанның Беғазы-Дәндібай мәдениетінің жарқын ескерткіші. Бұл қоладәуірінің соңғы мәдениеті (біздің дәуірге дейін XIII-IX ғғ.) - Қазақстантарихындағы жарқын мәдени феномен. Осы уақытта қоғамды элитаға және қарапайымхалыққа топтастыру басталған, біздің еліміздің аумағында алғашқы мемлекеттікқұрылымдарды қалыптастыру басталды. Осы мәдениеттің экономикалық базисі кешендімал шаруашылық, егін шаруашылығы және түсті металлургия болды. Жоғары дамығантау-кен ісі мен металлургия осыдан 3,5 мың жыл бұрын Орталық Қазақстандағыәл-ауқаттың негізі болды.


Соңғы жаңалықтар