Зерттеуші Барри Клиффорд: «Географиялық, археологиялық, топографиялық айғақтардың барлығы бізге Колумб кемесінің сынықтарын тапқанымызға негіз береді»,-дейді.
Бағалы сынықтар тапқан экспедиция Гаити үкіметімен бірлесіп ұйымдастырылды. Енді жұмыс қыза түспек, алда егжей-тегжейлі археологиялық қазбалар күтіп тұр, деп хабарлады Informing.
"Санта-Мария" үш діңгекті, бір палубалы болған. 1492 жылы Христофор Колумб осы кемемен Американы ашты. Оған 40 адам сыятын болған. Кеме 1492 жылы су жартастарына соқтығысып, Рождество күні апатқа ұшыраған-ды.