Археологтар «Ромео мен Джульеттаның» премьерасы болған сахнаны тапты

АСТАНА. 8 маусым. ҚазАқпарат - Британдық археологтар Лондонда сахна алаңының іргетасы мен ағаштан жасалған «Занавес» (Сurtain) сахнасын тапты, ол жерде «Ромео мен Джульеттаның» және Уильям Шекспирдің «Генрих V» тарихи пьесасының

премьерасы болған. Бұл туралы baq.kz жазады.

Аңызға айналған шекспирлік «Глобус» (1599 жыл) театрынан да бұрын, 1577 жылы тұрғызылған «Занавестің» қалдықтары Темзаның солтүстігіндегі Шоредитч ауданында табылған.

«Занавес» британ астанасындағы атауы жоқ, тек қана Театр» (The Theatre) деп аталған алғашқы театрлардың бірінің қасында орналасты. Онда ұлы ағылшын драматургі алғаш рет «Слуги лорда-камергера» труппасымен бірлесе жұмыс істей бастады.

«Театр» басшылығымен келісе алмаған Шекспир труппасы өзінің «Глобус» деп аталатын театрының ғимаратын сала бастады. Ал әзірше жұмыстар жүргізіле бастағанда, ол өз спектакльдерін 1597-1599 жылдары «Занавесте» көрсете бастады, оның ішінде «Ромео мен Джульеттаның» және «Генрих V» спектакльдерінің алғашқы қойылымдары бар.

Лондон археологтарының бұл жаңалығын «Атап өтуге тұрарлық керемет оқиға» деп бағалады «Глобус» театрының қазіргі жаңаша нұсқасының атқарушы директоры Нейл Констэбл.

Констэбл айтқандай, бұл жаңалық Шекспирдің театрлық шығармашылығының процесін тануға көмектеседі, бұл өлмейтін, өшпейтін мұра өз отаны мен шетелдерде әлі де құндылығын жоймаған.