Табылған кит сүйегінің ұзындығы 16 метр. Ғалымдар бұл Англия аумағында табылған ең үлкен кит қалдығы деп отыр.
07:45, 10 Қыркүйек 2010
Археологтар Темза жағалауынан алып киттің сүйектерін тапты
АСТАНА. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат - Лондондағы Темза жағалауынан археологтар осыдан 300 жыл бұрын өлген алып киттің сүйектерін тапты. Ғалымдардың сөзіне қарағанда, Солтүстікатлантикалық киттер елдің бас өзенінде жиі кездесетін. Бұл туралы Утро.ру агенттігі хабарлады.