Археологтар Тутанхамон мазарында жасырын бөлмелер болуы мүмкін деп болжап отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Археологтар Тутанхамон мазарында жасырын бөлмелер болуы мүмкін деп болжап отыр.

Юйи және Туи мумияларына 3 400 жыл толды. Тутанхамонның арғы атасы мен арғы әжесі үлкен қазынамен қоса жерленген. Осыған қарағанда Тутанхамон мазарында да алтын болуы мүмкін.

Жуырда Тутанхамон мазарында жүргізілген радиологиялық сканерлеу жас фараонның мазарында бір немесе бірнеше жасырын бөлме болуы мүмкін екенін көрсетті.

Соңғы есеп жақын арада ұсынылады. Егер жасырын бөлмелердің бар екені расталса, мысыртанушы Николас Ривздің айтқаны расталады. Мазарды сканерлеуге себеп болған дәлелдерді сол адам келтірген.