Черепаха мүйісінің ауданында табылған қоныс Янков археологиялық мәдениетіне жатады.
"7 баспанаға арналған қазаншұңқыр мен 2,5 мыңнан астам түрлі зат табылды. Ерекше жәдігерлердің бірі бұғының мүйіз сүйегінен жасалған құрылғы бөлшегі. Ғалымдардың пайымынша, бұл зәкірдің бөлігі. Өйткені осы кезеңнің ежелгі адамдары аңшылықпен ғана емес, сонымен қатар балық аулаумен де айналысқан", - деп хабарлады Қиыр Шығыс федералдық университетінің баспасөз қызметінен.