Облыс әкімі өзінің құттықтау сөзінде әйелдердің аумақ өміріндегі рөлін атап өтті.
«Әйелдер мерекесі қарсаңында өздеріңізді құттықтағымыз келеді. Қазақстанда әйелдер мен олардың бастамаларын қолдау бойынша барлық жағдайлар жасалған. Облыстың саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени өміріне белсенді араласатын қыз-келіншектердің жетістіктерін мақтанышпен айтамыз. Бүгінде облыс аймағында 6,3 мыңнан астам анаға жоғары марапат көрсетілді», - деді Архимед Мұхамбетов.
Жалпы Қостанай облысында 1588 ана «Алтын алқа» иегері болса, 3469 ана «Күміс алқа» тағынған. Сонымен қатар 1277 адамға 1 және 2 дәрежелі «Батыр Ана» атағы берілген.
Облыс басшысы кездесу барысында 21 анаға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» марапаты ұсынып, бағалы сыйлықтар тапсырды. ҚР Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, Қостанай облысындағы 47 көп балалы анаға құрмет көрсетіліп, арнайы награда табысталды.
«Кез келген мемлекеттің болашағы – оның саналы ұрпағы. Бүгiнгі бала – болашақ Қазақстанның жанды бейнесі. Өмір алма-кезек қой, бүгін көпбалалы отбасылардан шыққан балаларды мемлекет қолдаса, ертең-ақ сол балалар өзінің туған еліне, Отанына адал қызмет етіп, талмай тер төгеді. Мен бұған сенемін», - деді «Күміс алқа» иегері Айнагүл Қапсабырова.