Архимед Мұхамбетов: Атаулы көмек халықты масылдыққа емес, еңбекке ынталандыруы тиіс

Фото: None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Сәуір айынан кейін облыста атаулы әлеуметтік көмек алатындардың саны 5 есеге өскен. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен кеңейтілген отырыста Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гүлнәр Әбенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай облысындажыл басында атаулы әлеуметтік көмек 8 мыңдай адамға берілсе, қазір олардың саны40 мыңға жуықтап отыр. Осылайша, өңірде 8 289 отбасына 1711,4 млн теңгекөлемінде атаулы әлеуметтік көмек берілген. Гүлнәр Әбенованың айтуынша, атаулыәлеуметтік алатындардың 2148-і – көп балалы отбасылар. Ал 2 жарым мыңға жуықадам еңбекке қабілетті жаста.

«Бүгінде «Еңбек»бағдарламасы бойынша көп балалы және тұрмысы төмен азаматтарды, жастардыжұмыспен қамту үшін қосымша қаржы бөлінген. Бұл қаржы «Бастау бизнес»кәсіпкерлік жобасы аясында жұмыссыздарға шағын несиелер бөліп, олардыңкәсіпкерлікпен айналысуына ықпал етеді. Біз бұл жұмыстарды әлі де жүйелейтүсетін боламыз. Әсіресе, жас мамандарға көп көңіл бөлінеді», - деді басқармабасшысы.

Облыс әкімі АрхимедМұхамбетов барлық аудандар мен қалаларда атаулы әлеуметтік көмек алушылардыанықтау барысында мұқият болуды тапсырды.

«Кейбір азаматтаратаулы әлеуметтік көмек алу үшін өтірік ажырасу, жұмыстан шығу, өз мүлкінбасқаға жазу арқылы табысын азайтып көрсету, қолындағы малын сойып тастаусияқты алаяқтыққа барады. Бұған жол бермеу керек. Сондықтан барлық аудандар менқалаларда атаулы көмек бөлуді қатаң бақылауға алып, кез келген алаяқтық пенжемқорлықты қатаң жазалау керек. Көмек атаулы түрде көрсетілуі тиіс. Бұл –Үкімет отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың барлық өңірлергеберген тікелей тапсырмасы. Әлеуметтік бағдарлама аз қамтылған отбасылардың өмірсүру сапасын жақсартуға бағытталған. Сондықтан атаулы әлеуметтік көмек халықтымасылдыққа емес, еңбекке ынталандыруы тиіс», - деді облыс басшысы.

А.Мұхамбетов ауданжәне қала әкімдіктеріне мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерін тиімдіпайдалана отырып, еңбекке қабілетті атаулы әлеуметтік көмек алушыларды тұрақтыжұмыспен қамту, олардың тұрмысын жақсарту бағытындағы шараларды жалғастырудытапсырды.