Архимед Мұхамбетов «Жанұя» тәрбиеленушілеріне 20 шана сыйға тартты. Бұл балалардың қысқы демалысына тосынсый болды дейді тәрбиешілер. Жалпы отбасылық үлгідегі балалар үйінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 45 бала тәрбиеленеді.
«Баршаңызды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймын! Балалар бақытты болсын! Осындай керемет сыйлық жасап, әрқашан бізге қамқор болғаны үшін Архимед Бегежанұлына алғысымыз шексіз. Біздің балаларымыз өңірлік және республикалық онлайн конкурстар мен жарыстарға қатысып, жүлдегер болды. Келесі жылы да оқудағы және спорттағы жетістіктігімен қуантатын боламыз», дейді балалар үйінің директоры Айнаш Жақанова.