Архимед Мұхамбетов блокпосттардың түнгі жұмысымен танысты
01:51, 04 Сәуір 2020
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Архимед Мұхамбетов қала маңындағы блокпосттардың түнгі жұмысымен танысты. Аймақ басшысы бұл туралы әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облым әкімі Рудный тас жолы, Қонай кентінің маңындағы және Федоров тас жолына шығатын санитарлық бекеттерді аралады. Блокпосттардың жұмысымен және қызметкерлердің түнгі ауысымдағы жұмыс жағдайларымен танысты.
Қызметкерлер төрт мезгіл тамақпен қамтылған.
Блокпосттар арнайы құрылғылармен, іргелі блоктармен, жарықтандыру құралдарымен, көше жарығымен, бейне бақылау жүйесімен жабдықталған»,- деп жазды аймақ әкімі.
Облыс әкімі жауапты тұлғаларға коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуді тапсырды.