«8 мың гектар жер үзбей суарылуы тиіс еді. Ал іс жүзінде тек 4,3 мың гектары суарылған. Яғни небәрі 54% жұмыс орындалған. 3,7 мың гектар жер суару жүйесі жоқ шаруа қожалықтарының иелігінде жатыр. Олар кезінде жерді алып алған, ал қазір өздері де пайдалана алмайды, басқаға да бермейді. Оларды заңға сәйкес алып қою қажет», - деді Архимед Мұхамбетов.
Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Дархан Әбдікәрімовтің айтуынша, 3,7 мың гектарға иелік етіп жатқан шаруа қожалықтарында суару жүйесі жоқ. Сондықан ол жерлерге егін, жем-шөп дақылдары себіледі.
Фото: uag.kostanay.gov.kz