«Жақында астана әкімі Алтай Сейдірұлы жақсы жаңалық айтты – LRT құрылысы жалғасатын болды. Бірақ қысқартылған түрінде жалғастырады. Бұрын 18 станса болса, қазір 6-8 стансаға дейін қысқарады. «Бюжетіміз соған жетеді, яғни бірінші желі салынады», - деді. Бұл дұрыс, салу керек. Егер оны салмасақ, метро немесе BRT сияқты жылдам жүретін көлік түрін ойластыра бастауымыз керек», - деді сәулетші ғалым.
Сондай-ақ ол Нұр-Сұлтанда қала тұрғындарының саны миллионнан асып кеткенін еске салды.
«Тұрғындар саны баяғыда миллионнан асты. Қаламызға жылдам жүретін көлік керек. Осыған байланысты мен LRT құрлысын аяқтау керек деген ұстанымды қолдап келе жатырмын. Керісінше енді LRT-нің екінші, үшінші, төртінші, бесінші желісін салуды ойластыруымыз қажет. Бәлкім аспалы, тіпті кей жерінде екі деңгейлі болуы керек шығар. Біздің жағдайға жылдам жүретін трамвай керек деп отырмыз. Сондықтан одан қорқудың қажеті жоқ. Бірінші желісін саламыз деген екенбіз, қазіргі қысқартылған түрінде аяқтау керек. Онымен шектелмей, бүгіннен бастап екінші, үшінші, төртінші желісін қалай салатынымызды пысықтай берген дұрыс. Мейлі, тіпті, 2-3 деңгейлі болсын. Қала тұрғысынан алғанда бұл дұрыс шешім болатын еді», - деді Сәрсенбек Жүнісов.
Аталған шарада Сәулетшілер одағының басшысы Шымкентте ипподром орнына үйдің салынуын сынаған еді.