«Сотталушыға ҚР ҚК 366-бабының 1-тармағына сәйкес айыпты деп танылып, 1 млн теңге көлемінде айыппұл салынады. Сонымен қатар, өмір бойы мемлекеттік қызметтен шеттетіледі», - деді Мамандандырылған ауданаралық экономикалық қылмыстық соттың судьясы Лашын Әлиев.
Айыпталушыға бір ай ішінде бір миллион теңге айыппұл төлеу міндеттелді.
Сот үкімі өз күшіне әлі енген жоқ. Айыпталушы 15 күннің ішінде аппеляциялық сотқа шағым түсіре алады.
Айта кетсек, өткен жылы облыстық мемлекеттік архив басшысының орынбасары М. Ақанов, бір миллион теңге пара алу үстінде ұсталған болатын.
Оразай Шамұғанұлы