Еске сала кетейік, мемлекет басшысы лауазымына үш кандидат ұсынылған болатын. Олар: Әділет үшін қозғалыс билеуші партиясының өкілі Ариф Алви, Пәкістан халық партиясынан ұсынылған кандидат Аитзаз Ахсан және оппозиция өкілі Фазл-ур-Рехман.
Пәкістан президентін федералдық парламенттің төменгі және жоғары палатасының, сондай-ақ елдің төрт провинциясы Заң шығарушы жиындарының 1174 депутатынан құралған сайлаушылар алқасы сайлайды.