Оқиға 16 қыркүйек күні тәуліктік кезекшілікті атқару кезінде болды. Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, келісімшарт бойынша әскери қызметші отбасылық-тұрмыстық жанжал аясында өз-өзіне қол жұмсамақ болған.
«Жарақат алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Келісімшарт бойынша әскери қызметші аудандық ауруханаға жеткізілді. Оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Қазіргі уақытта денсаулық жағдайы тұрақты-ауыр деп бағаланып отыр. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ», - делінген ақпаратта.
Еске сала кетейік, бұған дейін бірнеше айдан бері комада жатқан сарбаз Ербаян Мұхтардың қазіргі денсаулық жағдайы шетелге апаруға жарамайтынын жазған болатынбыз.