Пэт Портер 1984 және 1988 жылдары екі рет Олимпиада ойындарына қатысқан. Оның қаза болғанын спортшының зайыбы Триш Портер растады. Ол да Олимпиада ойындарының бұрынғы қатысушысы болып табылады.
53 жастағы П.Портердің атына тіркелген Beech B-60 ұшақ 26 шілде күні жерден ұшар кезде апатқа ұшыраған. Алайда билік өкілдері қаза болған азаматтың жеке тұлғасын растауға асықпады. Бүгін Триш Портер оның жолдасы Пэт Портерден басқа олардың 15 жасар ұлдары және тағы бір жасөспірім қаза болғандығын хабарлады.